22
сәуір
2026
Кітап – білім бұлағы, пікірсайыс – ойдың алаңы!




📖 Кітап – білім бұлағы, пікірсайыс – ойдың алаңы!23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Дәстүрлі кітап пен цифрлы технология: болашаққа бірге қадам» тақырыбында өткен «Даму CUP II» Алатау аудандық пікірсайыс турнирінде мектебіміздің оқушылары биік белестерді бағындырды! 🏆
Тартысты өткен сөз додасында мектебіміздің намысын қорғаған «Алаш» фракциялары үздік ойын өрнегін көрсетті.
🌟 Жетістіктеріміз:
«ҮЗДІК СПИКЕР» номинациясы бойынша жоғары шеберлік танытқаны үшін 10 «В» сынып оқушысы Алмасұлы Әбдірахман Дипломмен марапатталды!
Турнирге белсене қатысып, мазмұнды ойларымен көзге түскен «Алаш» 1 және 2 фракция мүшелері: Алмасұлы Әбдірахман, Қуаныш Арсен, Спанқұлова Назым және Қайратұлы Алдияр арнайы АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.
Оқушыларымызды осындай интеллектуалды жеңістерімен құттықтаймыз! Дарынды жастарды додаға дайындаған жетекшісі — Сугирбаева Сымбат Исаевнаға алғыс білдіреміз!
🚀 Болашаққа нық қадам басатын интеллектуалды ұрпағымыз көп болсын!
#№213Мектеп #Пікірсайыс #ДамуCUP #АлашФракциясы #БілімдіҰрпақ