ХАБАРЛАНДЫРУ: 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады! » «№213 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№213 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 309-64-81
Есепші бөлімі:
+7(747) 293-07-83
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАБАРЛАНДЫРУ: 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады!
02
маусым
2026

ХАБАРЛАНДЫРУ: 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады!

ХАБАРЛАНДЫРУ: 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады!

Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер!

2026–2027 оқу жылына арналған Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінің 1-сыныбына құжат қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

Маңызды: Өтінішті қарау мерзімі – 1 жұмыс күні.

📋 Құжаттарды тапсыру жолдары:OQU ұлттық білім беру платформасы арқылы (oqu.edu.kz);
eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;

Қағаз түрінде тікелей мектепке келіп тапсыруға болады.

⚖️ Қабылдау тәртібі мен ережелері:Басымдық: Мектепке қабылдауда бірінші кезекте мектептің қызмет көрсету аумағында (шағын учаскесінде) тұратын балаларға басымдық беріледі.
Бос орындар: Бос орындар болған жағдайда, ата-аналар кез келген өзге мемлекеттік мектепке де өтініш бере алады.
«3-ке 1» қағидаты: Шағын учаскеде тұратын балаларға арналған әрбір 3 орынға, басқа аумақтан келетін балалар үшін 1 орын қарастырылады.

Тіркеу:
  • Өтініш берушінің (заңды өкілдің) тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы міндетті (мекенжай мемлекеттік жүйелер арқылы автоматты түрде расталады).
  • Қажетті құжаттар тізімі:Баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;
  • Профилактикалық екпелер картасы (№ 065/у нысаны);
  • Баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/у нысаны);
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін — ПМПК қорытындысы.
📍 Сұрақтар бойынша: Құжат қабылдауға қатысты қосымша сұрақтар туындаса, мектеп әкімшілігіне немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық білім бөліміне хабарласуға болады.

Құжат қабылдаушы: +7 777 125 3727Майгүл Башировна
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив