15
мамыр
2026
МЕКТЕБІМІЗДЕ ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
📌 МЕКТЕБІМІЗДЕ ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
✨ 2026 жылдың 15 мамыр күні мектебімізде ата-аналарға арналған өзекті әрі маңызды іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған кездесу Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тапсырысы негізінде, қоғамдағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында өтті.
🗣 Іс-шара барысында ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасына қарасты Кеңес және оңалту орталығының теологы, дінтану магистрі Нармуханов Бахтияр Жомартович сөз сөйледі.
Кездесуде келесі маңызды мәселелер талқыланды:
🔹 Өскелең ұрпақты жат діни ағымдардың ықпалынан қорғау;
🔹 Интернет пен әлеуметтік желілердегі діни ақпараттарды іріктеу мәдениеті;
🔹 Отбасындағы рухани құндылықтар мен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі.
🤝 Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу орын алды. Балаларымыздың жарқын әрі қауіпсіз болашағы — өз қолымызда!
Іс-шараға белсенді қатысқан барлық ата-аналарға алғыс білдіреміз!