Мектепте педагогтердің кәсіби қызметін бағалаудың KPI жүйесі енгізілуде
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: Мектепте педагогтердің кәсіби қызметін бағалаудың KPI жүйесі енгізілудеМақсаты: Педагогтердің кәсіби қызметінің тиімділігін объективті бағалау, олардың білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесін анықтау, кәсіби дамуын ынталандыру және мектептің стратегиялық даму көрсеткіштеріне қол жеткізу. Сонымен қатар, педагогтердің жетістіктерін нақты көрсеткіштер арқылы саралау, еңбек нәтижелерінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету және нәтижеге бағытталған басқару мәдениетін қалыптастыру.
Алматы қаласы, Алатау ауданы, №213 жалпы білім беретін мектепте білім беру сапасын арттыруға бағытталған басқарудың инновациялық құралдарын енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Сол бастамалардың бірі ретінде педагогтердің кәсіби қызметінің нәтижелілігін бағалауға арналған KPI (Негізгі нәтижелілік көрсеткіштері) жүйесі әзірленіп, тәжірибелік қолданысқа енгізілді.
Аталған жоба мектеп педагогтерінің кәсіби қызметін сандық көрсеткіштер арқылы бағалауға, олардың жетістіктерін жүйелеуге және білім беру ұйымының даму көрсеткіштерімен өзари байланыстыруға бағытталған. KPI жүйесін енгізудің негізгі идеясы – мұғалім еңбегінің нәтижесін нақты деректер негізінде саралап, кәсіби өсуге ынталандыратын орта қалыптастыру.
Жүйені құрастыру барысында педагогтің қызметі тек оқу процесімен шектелмей, оның кәсіби, әдістемелік, тәрбиелік және қоғамдық белсенділігі жан-жақты қарастырылды. Бағалау өлшемдері мектептің даму басымдықтарына сәйкес анықталып, әрбір көрсеткіштің маңыздылығына қарай балдық коэффициенттер белгіленді.
Бағалау жүйесіне педагогтердің келесі бағыттардағы жұмыстары енгізілді:
- Оқушылардың білім сапасы мен оқу жетістіктері;
- Олимпиадалар, ғылыми жобалар және түрлі деңгейдегі байқаулардағы нәтижелер;
- Қорытынды бағалау көрсеткіштері;
- Педагогтің әдістемелік және ғылыми қызметі;
- Авторлық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік өнімдер әзірлеуі;
- Кәсіби байқауларға, семинарларға, форумдар мен конференцияларға қатысуы;
- Тәлімгерлік және тәжірибе тарату қызметі;
- Тәрбие жұмыстарының тиімділігі;
- Ата-аналармен өзара іс-қимыл сапасы;
- Мектептің қоғамдық және әлеуметтік жобаларына қатысу белсенділігі;
- Цифрлық білім беру технологияларын пайдалану деңгейі;
- Кәсіби біліктілікті арттыру бағытындағы жұмыстары.
2026 жылдың сәуір айында мектеп директоры Айтуған Омирбек төрағалығымен директор жанындағы кеңесте педагогикалық ұжымға жаңа бағалау жүйесін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғабдоллина Гүлмира Бақытбековна таныстырды. Кеңес барысында KPI жүйесін құрылымы, бағалау қағидаттары, көрсеткіштерді енгізу тәртібі түсіндірілді. Мұғалімдерге практикалық нұсқаулықтар беріліп, жүйенің артықшылықтары мен қолдану ерекшеліктері талқыланды.
Жүйені енгізу нәтижесінде мұғалімдер өз жетістіктерін жүйелі түрде тіркеп, кәсіби даму бағыттарын нақтылай бастайды. Сонымен қатар, білім сапасын арттыруға, оқушылардың оқу жетістіктерін жақсартуға және мектептің стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге деген жауапкершілік деңгейі күшейді.
Жүйенің маңызды артықшылықтарының бірі – бағалау үдерісінің ашықтығы мен объективтілігі. Әр педагог өзінің жинаған ұпайларын бақылап, нәтижелерін талдай алады. Бұл өз кезегінде әділ бағалау мәдениетін қалыптастыруға және ұжымда нәтижеге бағытталған кәсіби орта құруға ықпал етеді. Алдағы уақытта бағдарламаның аналитикалық мүмкіндіктерін кеңейту, автоматтандыру деңгейін арттыру, есеп беру формаларын жетілдіру және жүйені мектептің барлық педагогтері үшін тұрақты бағалау құралы ретінде пайдалану жопларлануда.
KPI бағыттары бойынша мониторинг нәтижелері:ҮЗДІК МҰҒАЛІМ (1000–1200 ұпай) – 8 педагог;
КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМ (900–1000 ұпай) – 9 педагог;
НӘТИЖЕЛІ МҰҒАЛІМ (800–900 ұпай) – 19 педагог;
ТҰРАҚТЫ МҰҒАЛІМ (500–700 ұпай) – 21 педагог;
ДАМУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН МҰҒАЛІМ (300–500 ұпай) – 35 педагог
ҚАУІП АЙМАҒЫ (0–300 ұпай) – 19 педагог.
№213 жалпы білім беретін мектепте педагогтердің қызмет тиімділігін бағалауға арналған KPI жүйесін енгізу жұмыстары табысты жүзеге асырылуда. KPI педагогтердің кәсіби белсенділігін арттыруға, қызмет нәтижелерін жүйелі талдауға және білім сапасын жақсартуға ықпал ететіні байқалды. KPI көрсеткіштері мұғалімдердің кәсіби жетістіктерін кешенді бағалауға мүмкіндік беріп, әр педагогтің даму траекториясын айқындауға жағдай жасайды.
Жүйені енгізу нәтижесінде бағалау үдерісінің ашықтығы мен объективтілігі қамтамасыз етіліп, педагогтердің кәсіби жауапкершілігі мен нәтижеге ұмтылысы күшейді. Алдағы уақытта KPI жүйесін жетілдіру, көрсеткіштерді автоматтандыру және мектеп тәжірибесінде тұрақты қолдану арқылы білім беру ұйымының тиімділігін арттыру көзделуде.
Ұсыныстар:
- KPI жүйесін келесі оқу жылында тұрақты түрде қолдану.
- Төмен нәтиже көрсеткен педагогтерге арналған жеке кәсіби даму жоспарларын әзірлеу.
- Үздік мұғалімдердің тәжірибесін мектеп көлемінде тарату.
- KPI нәтижелерін ынталандыру және марапаттау жүйесімен байланыстыру.
- Мониторинг жұмыстарын тоқсан сайын жүргізіп отыру.
№213 ЖББМ директоры О.Айтуган