24
сәуір
2026
ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА – БІЗДІҢ ОҚУШЫ! 🏆
СҮЙІНШІ! ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА – БІЗДІҢ ОҚУШЫ! 🏆
Қалалық «Алтын сақа» олимпиадасынан қуанышты хабар жетті! Мектебіміздің мақтанышы, 4 «А» сынып оқушысы Үйсінбай Омар білімі мен зеректігінің арқасында жүлделі ІІ орынды иеленді! 🥈✨
Бұл жетістік – шәкірттің қажымас қайраты мен ұстаздың ерен еңбегінің айқын көрінісі. Омарды осынау биік белесімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім шыңдарын бағындыра беруіне тілектеспіз! Жарайсың, Омар! 👏
Осындай білімді ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-анасына алғыс айтамыз. Сондай-ақ, шәкіртін жеңіске жетелеген жетекшісі Байболаева Айнұр Құжайбергенқызының еңбегіне береке тілейміз! Қанаттарыңыз талмасын! 🕊️
Жетекшісі: Байболаева Айнұр Құжайбергенқызы
#АлтынСақа #БілімдіҰрпақ #МектепМақтанышы #Жеңіс #Олимпиада2026