Оқу бөлімі - «№213 жалпы білім беретін мектеп»
<description>Оқу бөлімі - «№213 жалпы білім беретін мектеп»</description>
ХАБАРЛАНДЫРУ: 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады!
МОДО – білім айнасы, болашаққа бастар қадам!
<turbo:content><![CDATA[Бастауыш сынып – баланың білімге деген алғашқы қадамы, арманға қанат байлаған кезеңі. 4-сынып түлектері үшін МОДО тестілеуі – тек білімді тексеру емес, бұл – жылдар бойы жинаған еңбектің жемісі.
Бастауыш сыныптарда оқу машығын тексеру жұмыстары жүргізілді
Мектебімізде 2–4 сынып оқушылары арасында мектепішілік бақылау аясында оқу машығын тексеру жұмыстары өткізілді.